Ащылысай элеваторы

«Көктас-Ақтөбе» АҚ көпсалалы компаниясы қызметтерінің бірі дәнді-дақылдар өсіру бойынша өсімдік шаруашылығы болып табылады: Ақтөбе облысының Мұғалжар және Хромтау аудандарының аумақтарында бидай және арпа өсіріледі. Егін шаруашылығының жалпы көлемі - 25 848 гектар, оның ішінде, егін егілетіні - 12 623 гектар, қалған 13225 гектар алқап жайылымға, шөп шабуды түбегейлі жақсартуға арналған, бұл алқаптарда мал азығы дайындалады.