Фитнес-клуб “Көктас-Фитнес”

Фитнес-клуб “Көктас-Фитнес” премиум-класс (жалпы алаңы 4000 шаршы.м.).
Біз біздің өлкеде біріншіміз!

Клубта 25 метрлік бассейн (су тазартудың заманауи жүйесі, гидромассаж, аквапарк элементі, балалар «құрбақасы», су тренажерлары), тренажер залы, кардио-театр, топтық бағдарламалар залы, сайкл-студия (велотренажердың топтық сабағы), дербес жаттығу студиясы, шығыс жекпе-жегі залы, бокс залы, балалар клубы және балалардың тренажер залы, әмбебап ойын залы (теннис, мини-футбол, волейбол, баскетбол), сквош, монша кешені (фин саунасы, түрік хамамы), фитнес-бар, медициналық тестілеу бөлмесі, әсемдік салоны. SPA салоны, солярия, спорт тауарлары дүкені.

СПА салоны фитнес-клуб клиенттеріне және барлық келушілерге 50-ден астам қызмет түрін ұсынады. Сіз әсемдік және рухани тепе-теңдік әлеміне тап боласыз.

Су зонасы- суы компьютерлік жүйемен тазартылатын 25 метрлік бассейн, балалар «құрбақасы», аквапарк элементі және джакузи. Бассейнде балалар мен ересектерді суға жүзуге үйреті, сондай-ақ аквааэробика сабағы өтеді. Ватерпол қақпасын қойса, бассейн су добы ойынының алаңына айналып кетеді.

Қазақстанда бірінші болып денсаулықты сауықтыру құралдарын ұсынып отырмыз – біздің бассейнде орнатылған су тренажерлары. Су тренажерларындағы сабақтар дайындығы әртүрлі деңгейдегі адамдарға, сондай-ақ балалар мен қарттарға арналған.

Балалар фитнесі – бұл балалардың уақытын өткізіп, сыйсай жүрген күшін шығаруға ғана емес, сонымен қатар өмірлік қажеттілікке үйрететін, болашақта физикалық және психологиялық іргетас қалауға мүмкіндік болып табылады. Біздің балалар клубында фитнес әлемі 2 жастан 16 жасқа дейінгі балалар үшін бағдарламалар ұсынады.

«Көктас-фитнес» клубының дербес жаттықтырушысы спортпен айналысуға жеке тұжырымдамасын ұсынады.

Әскери өнер және шығыс жекпе-жегі залы.

Тәжірибелі оқытушылар, жоғары спорттық жетістіктердің иегерлері сіздерге күшті болу өнерінің құпияларын ашып береді. Арнаулы жамылғылар мен барлық спорттық снарядтар, қорғаныс құралдары спектрі каратэ, бокс, айкидо, таэквандо, кикбокс, капоэйр және басқа әскери өнер бойынша нәтижелер мен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

Әсемдік салоны.

Біздің салонның жоғары білікті шеберлері уақыт ағымын тоқтатып, өзіңіздің жастығыңыз бен әсемдігіңізді ұзақ сақтауға көмектеседі.

Солярий.

Өмірдің шуақты жағын сезініңіз!

Жылы елдерге баратын сапарды күтпей-ақ өзіңізге аз да болса каникул жасаңыз.

Біз клубымызда сіздер үшін шуақыт бұрыш — солярий жасадық!

Топтық бағдарламалар– бұл Сіздің физикалық формаңызды қалыптастырып, жақсартуға арналған үлкен мүмкіндік.

Сіздің таңдауыңызға кардио-жаттығулар ұсынылады: аэробика және санқилы би бағдарламалары, күш және қашықтық ұстау жаттығулары.

Тренажор залы – (жалпы алаңы 700 шаршы метр) профессионалды деңгейдегі ауыр салмақтарға арналған және еркін жаттығуларға арналған жабдыктармен қамтамасыз етілген сонымен қатар жарға өрмелеуші тренажорлары бар. Заманауи жабдықтар мен кәсіби жаттықтырушылар құрамы, оның ішінде тәжіриебелі және жаңадан бастап жатқан клиенттерге кез-келген фитнесті мақсаттарды жүзеге асыруына жағдай туғызады.

Тел.: 8 (7132) 57-05-70