Құс фабрикасы

«Көктас-Ақтөбе» АҚ агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша бағдарламасын жүзеге асыруда белсене қатысады, «Халяль» тағамдық өнімдерін өндірушілерінің тізіміне кіреді. Өнім "Сапа менеджмент жүйесінің. Талаптар" ҚР СТ ИСО 9001-2001, сонымен қатар "Қоршаған ортаны басқару жүйелері" ИСО 14001-2004 талаптарына сәйкес келеді." Бағыттардың бірі - "Ақ Құс" құс фабрикасы, оның базасында толық технологиялық кезеңі бар - жұмыртқа шығарудан бастап құс етінен өнімдерді өңдеу және өткізуге дейін заманауи құс өсіру кәсіпорны құрылған. Құс фабрикасының жоспарлауы бойынша жылына 3,5 млн. бройлер немесе 6000 тоннаға жуық тауық еті шығарылады. Көнерген технология, құрамына автоматтандыру және компьютерлеу кіретін германиялық және голландиялық өндірісінің заманауи жоғары технологиялық қондырғысына ауыстырылды. Технологиялық кешеніне құс өндірісінің барлық кезеңдері кіреді - бройлерлерді инкубациялау, өсіру және семірту, құрама жем өндіру, сою және ет сүйек ұнын шығару мақсатымен қалдықтарды кәдеге жарату.. Инкубациялау - негізгі технологиялық үдеріс. Қондырғыға әр қайсысының қуаты 38000 дана жұмыртқа шығаратын 6 отырғызу шкафы және 19000 жұмыртқа шығаратын 2 шығарушы шкафы кіреді. Инкубациялау кезеңі - 21 күн. Бройлер семірту қондырғысын екі фирмамен - германиялық «Big Dutchman» және голландиялық «VDL Agrotech» жеткізілген. Бройлер өсіру жасы 35-42 күн, салмағы 1,3-1,8 кг. «Көктас-Ақтөбе» АҚ «Ақ Құс» құс фабрикасында бройлерлерді азықтандыруға көп назар аударылады. Жоғары құнарлы азық үлесі қолданылады, құстың өсуіне қарай олардың фазалы ауысуы пайдаланылады. Бұл ретте жемнің сапасына маңызды мән беріледі. Құрама жем батыс германиялық өндірісінің «Witte Lastrup» жеке меншік құрама цехынде шығарылады. Керектігіне қарай түйіршіктелген де, сусымалы да жем шығарылады. Жемнің құрамында өзінің жекеменшік егінжайларында өсірілген бидай, арпа, ішінара тары мен жүгері кіреді. Ет сүйек ұны КВ-4,6М вакуумдық қазанында даярланады. Энергия тапшылығы күнбағыс май арқылы толтырылады. Соя күнжарасын, күнбағыс күнжарасын, ішінара жүгері, балық ұнын отандық өндірушілері жеткізеді. Мал дәрігерлік-санитарлық қызмет жоспар бойынша көрсетіледі. Вакциналар мен препараттар Қазақстанда сертификатталған, сатуға рұқсат қағазы бар фирмалар Алматы қаласына жеткізеді. Препараттармен қолдану бойынша нұсқау қатаң сақталады, өз зертханасы бар. Құс сою және өңдеу цехы мына технологиялық циклдерді қамтиды: сою, ішек-қарыннан тазарту, ауамен салқындату, ет тарту, етті орап салу және тоңазытқыш камераларында қатыру, содан соң сол қатырылған түрінде ет қала дүкендеріне жеткізіледі. Цехтар тазалау, жуу және жинауға арналған «KARCHER» аппараттарымен жуылып залалсыздандырылады.

Барлығы Сіздің дастарқаныңыз үшін!

Тел.: 8 (71337) 35-313